Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Май 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

«Арманы үлкен, азат ел!»

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының тапсырмасына сәйкес,Жаңатас көпсалалы колледжінде үстіміздегі жылдың 7 -15 желтоқсаны аралығында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күнініе орай ұйымдастырылған «Арманы үлкен, азат ел!» тақырыбында облыс колледждері арасында өткізілген онлайн конференция өз мәресіне жетті

Конференцияға облысымыздың 13 колледжінен 24 студент өтінім беріп қатыстырылды. Жеңімпаздар «Бас жүлде»,1,2,3 орындармен ,номинациялармен және қатысқаны үшін алғыс хаттармен мараппатталды.

«Тәуелсіздік — адамзаттың бақыты»

10.12.2020 ж күні Жаңатас көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі         Ж.Жұмабекова 01-20 тобының студенттерімен «Тәуелсіздік — адамзаттың бақыты» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағұлматтар берілді. Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзіне айналды. Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

Студенттердің ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру жолында түрлі мағұлматтар айтылып, студенттер өз ойларын ортаға салды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы конфенренцияны «ZOOM » платформасы арқылы өткізді.

     9.12.2020 ж күні Жаңатас көпсалалы колледжнің оқытушысы Ж.Жұмабекова, 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы конфенренцияны «ZOOM » платформасы арқылы өткізді.

Клуб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру. Студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады.

Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенім білдірудеміз.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі келесі IT жобаларын әзірледі:

www.tilalemi.kz – ақпараттық – танымдық портал;

www.tilqural.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;

www.tilmedia.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;

www.balatili.kz – балалардың тіл меңгеруіне көмектесетін интернет ресурс;

www.sozdikqor.kz – сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауға көмектесетін қосымша ;

www.termincom.kz – қазақ терминдерінің электрондық қоры;

www.emle.kz – қазақ тілі орфаграфиясының  анықтамалығы;

www.qujat.kz – мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге арналған көмекші құрал;

www.qazlatyn.kz – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты әзірленген сайт;

www.atau.kz – ономастикалық атауларға арналған сайт;

Жаңатас көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес, қабылдау комиссиясының № 5 хаттамасының шешімімен 2020-2021 оқу жылына қабылданған студенттер тізімін төмендегі жүктеу батырмасынан көре аласыздар.

Үш фазалы асинхронды элетр қозғалтқыш. Қаспақов Қ

Қабдеш Жұмадиловтың өмірі мен шығармашылығы. Рахимова. Р

Deiphi программалау ортасында «Бағдаршам» қосымшасын жасау. Тілеуқабылова.Н

Саясат тану Жұмабекова.Ж

Рубильниктердің ақауларын табу. Бексейтова.А

Қашықтықтан білім беру — заман талабы Оразкулова.Г

«Арнайы техникалық және технологиялық білім беру»

Жаңатас көпсалалы колледжінде 2019-2020 оқу жылының қараша-желтоқсан айларында «Арнайы техникалық және технологиялық білім беру» ЦӘК оқытушыларының оңкүндігінің ашылуы болды.Оңкүндіктің жоспарына сәйкес арнайы пәндердің ЦӘК жетекшісі Ақмарал Бексейтова оқытушылардың ашық сабақтары,сабақтан тыс іс-шараларының жоспарларымен өткізілген сабақтардың барысымен таныстырды.
Электротехника пәнінің оқытушысы Шакирова Кулайым электромеханик мамандығының студенттерімен колледжд шеберханасында тәжірибелік сабақ өткізді.Студенттердің мамандықтарына деген жауапкершіліктерін,сұранысқа ие маманндық екендігін толығымен айтып өтті.Экономика пәнінің оқытушысы Дана Қалдарбекованың сабағында жастарға жұмысқа тарту,өздіген кәсіп ашу мақсатында кәсіпкерлік сабағын, тау кен ісі пәнінің оқытушысы Медет Мурсалимов карьерлік көліктердің қауіпсіздік шаралары,өндірістегі орны жайлы 03-17 тобына ашық сабақ өткізді.Сонымен қатар электротехника пәнінің оқытушылары Ақмарал Бексейтова,Каспаков Қайрат,Альжапбаров Марат жұмысшы мамандығының құзіреттілігін көтеру мақсатында «Электромонтаждық» құзіреттілік бойынша электромеханик және өнеркәсіп электроншы мамандықтарының арасында чемпионат өткізді.

«Үздік тәлімгер-2020»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен әлеуметтік серіктестіктер мен колледждердің бірлескен «Үздік тәлімгер-2020» облыстық байқауында, әлеуметтік серіктестігіміз «КазФосфат» ЖШС «Қаратау» ТКӨК-нің ТПБАЖ инженері Тусипов Мукагали Дуйсенбаевич пен Жаңатас көпсалалы колледжінің дуалдық жүйе бойынша оқытылатын «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Оңғарова Арайлым ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Колледж директоры Н.Е.Туйтебаева, Тусипов Мукагали Дуйсенбаевичті жеңісімен құттықтап, әлеуметтік әріптестіктің арқасында дарынды, білікті шәкірттеріміздің көп болуына тілек білдірді.