Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Январь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    Фев »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

Архив за месяц: Январь 2017

Тәрбие — адам тағдырын шешетін ұлы іс

23.01.2017 ж күні  02-15 тобында топ жетекшісі Тілеуқабылова Нұрсиланың ұйымдастыруымен  «Жасөспірім және заң»тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Білімгерлердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Тәрбие сағатына АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы  А.Жарасбеков және колледж психологы А.Есболаева және ағылшын тілі оқытушысы Б.Сатиева қатысты. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті.

23.01.2017 ж күні 01-13 тобында  топ жетекшісі Абдирова Хатираның ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Білімгерлерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Тәрбие сағатына қазақ тілі пәні оқытушысы А.Мамбетова, арнайы пән оқытушысы Қ.Қаспақов, қазақ тілі пәні оқытушысы Б.Беркінбаева қонақ ретінде қатысты. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті.

23.01.2017 ж күні 01-15 тобында топ жетекшісі Қазанбаева Гүлназдың ұйымдастыруымен «Рәміздер – тарих тағылымы»  тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: білімгерлерге ел рәміздерін ұлықтау. Тәрбие сағатына «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекеменің бас маманы Б.Балғабай және колледж оқытушылары қатысты. Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтілді.

Колледжішілік «ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ»

2017 жылдың қаңтардың 19-ы күні колледжішілік «ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ»  ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — қазақ елінің қолөнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін насихаттау. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу.

Жеңімпаз болып «мектепке дейінгі тәрбие» мамандығының  4 курс студенті  Көлшікбаева Айдана марапатталды. Қаңтар айының соңына қарай, тәлімгері  Ташенова Алия білімгер Айдананы Алматы қаласындағы Республикалық жарыстарға жіберіліп отырғанын айтты.

     

Аймақтық спартакиадада біздің колледж екінші орында

Жаңатас көпсалалы колледжінде Алматы қаласында өткізілетін 2017 жылғы қысқы универсиада ойындарының қарсаңында біздің Сарысу ауданындағы колледждердің арасында спартакиада өткізілді. Жалпы командалық есеп бойынша біздің колледж екінші орынды иеленді.