Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Февраль 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Мар »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  

Архив за месяц: Февраль 2017

Елін ардақтаған ерлерге құрмет

13 ақпан күні — Жаңатас көпсалалы колледжінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен  шығарылған күніне 28 жыл толу мерекесіне  арналған «Елін ардақтаған ерлерге құрмет» атты

кездесу кеші өтілді. Кездесу кешіне аудандық ауған соғыс ардагерлер кеңесінің  төрағасы- Сыздықбаев Марат Тиішбайұлы және Чужбеков Алым Намазұлы қатысты. Колледж ұжымы  келген қонақтардың құрметіне  әскери-патриоттық  ойын өткізді. Әскери –патриоттық ойын 8 номинация бойынша өтілді. Ойынға 3 команда қатысты. І орынды- «Жігер» командасы жеңіп алды. Кеш соңында   колледж білімгерлері тамылжыта ән салып, мың бұрала би билеп берді.

«Мен және менің жанұям» атты эстафеталық жарысы

Ағымдағы жылдың ақпан айының 11-і күні  «Құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығына орай колледж психологы А.Д.Есболаева мен дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларымен бірлесе ата-аналар мен білімгерлер арасында «Мен және менің жанұям» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 4 команда қатысты. Жарыстың мақсаты:  отбасы құндылығы аясында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын жұмыстарын нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, түсінушілік, достық, ұйымшылдық, сыйластық қасиеттерін нығайту, көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағымды әсер қалыптастыру болып табылады.

Жарыс барысында  05-16 тобынан құралған Қонысовтар отбасы бас жүлдені иеленді. І орынды Мелдешовтар отбасы, ІІ орынды  Қарауловтар отбасы, ІІІ орынды Әбдікәрімовтар отбасы иеленді. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Жарыстың жеңімпаздары  колледж әкімшілігінің сыйлықтарымен және тиісті дәрежедегі дипломдарымен марапатталды.

[metaslider id=319]