Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Май 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар   Ноя »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Архив за месяц: Май 2017

Жас маманның жақсы бастауы

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Ұстанатын қағидасы: терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар. Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету.

Жас мамандар жоғарыдағы эпигрофты әркез естен шығармай, жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастарда біздің Жаңатас көпсалалы колледжінен көруге болады.

Жастарды ақпараттандыру технологиясына сай бейімдеп, қазіргі заман талабына сай маман болуына, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жан-жақтан қолдау көрсетсек, болашақта ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп, колледж  ұжымының да ықпалы зор әсер етеді.

Жаңатас көпсалалы колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Ерубаева Мөлдір Балтабекқызы облыстық «Үздік электронды ресустар» байқауына қатысып, облыстық колледждер арасынан «Үздік электрондық партфолио» атты номинациясы бойынша І орын және облыстық «Ең Үздік сайт» атты байқауында Жаңатас көпсалалы колледжі ІІ орын иеленді. Сайт авторлары: Бекмаханбетов Алмат Балтабекұлы мен Ерубаева Молдир Балтабекқызы.

Қорыта айтқанда, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, олардың бойынан жоғары дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз ететін, қандай жағдай болмасын алған білімін дұрыс қолдана алуына жағдай жасайтын ұстаз болу – біздің міндетіміз. Сондықтан да білім саласының дамуы көшінен қалмай, алға ілгерілеу біздің басты мақсатымыз.

Дуальды оқыту жүйесін енгізудегі әлеуметтік серіктестіктің маңызы

Жаңатас көпсалалы колледжінде 2017 жылдың 7-ші сәуір күні «Дуальды оқыту жүйесін енгізудегі әлеуметтік серіктестіктің маңызы» атты тақырыбында Жамбыл облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы мен Жаңатас көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен семинар өтілді.

Семинарға Жамбыл облысы бойынша техникалық колледждердің өндірістік жөніндегі орынбасарлары мен арнайы пән оқытушылары қатысты.

[metaslider id=340]

Алғы сөз, «Дуальды оқыту жүйесін енгізудегі әлеуметтік серіктестіктің маңызы» тақырыбында облыстық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының директорына Есеев Саясат Керімбекұлына берілді.

Саясат Керімбекұлы сөз барысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 15-қазанындағы №1091 қаулысымен бекітілген «Дуальды білім беру жүйесі жол картасын» жүзеге асыру мақсатында облыстағы 49 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 31-не яғни жалпы колледждердің 63,2%-на дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Оның ішінде 24-і (77,5%) мемлекеттік, 7-і (22,5%) мемлекеттік емес жекеменшік колледждер, соның қатарына Жаңатас көпсалалы колледжінің «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша дуальды оқыту жүйесіне енгізілді-деп айтып өтті.

 Келесі сөз кезегі – «Бизнестің кадрлар дайындауға қатысуы» тақырыбында Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ахымбетов Талғат Сарсенбайұлы; «Дуальды оқыту – бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізгі кепілі» тақырыбында «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің өндірістік-диспечерлік бөлімінің бастығы Оспанов Нұрғали Айтуарұлы, «Білікті  мамандар  дайындаудағы  әлеуметтік  серіктестердің  ролі» тақырыбында «ЕвроХим-Каратау» ЖШС әкімшілік бөлімінің жетекші маманы Байділдаев Бақытжан Женисұлы баяндамаларын оқыды.

 Жаңатас  көпсалалы колледжінің директоры Туйтебаева Нурландия Ералықызы «Кәсіби білікті мамандарды даярлауда әлеуметтік серіктестіктің маңызы» тақырыбындағы баяндамасында дуальды оқуға  кіріскеннен бастап, колледжде оқу үдерісі кестесі (колледждегі теория сабақтары, практикалық сабақтар, кәсіпорында практикадан өту), әр нақты студентке кәсіпорыннан тәлімгер мамандар (инженерлер) бекітіліп, арнайы кесте бойынша өндірістік тәжірибелері жүргізіліп, әлеуметтік серіктестіктермен дуалды оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізуде студенттің құзіреттілігін қалыптастыру үшін  «колледж-кәсіпорын-кәсіпкерлер палатасы-білім басқарамасы» атты 4-жақты  келісім шарт жасалынып, жұмыс атқарылып жатқандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, қонақ ретінде Жаңатас қаласының әкімінің орынбасары – Асанова Динара Қырықбайқызы, Сарысу аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры — Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлы, Жаңатас колледжінің директоры — Оралбеков Қойшыбек Иманбекұлы, Сарысу колледжінің директоры – Сейналиев Асанбай Ермекбайұлы шақырылды. Семинар тыңдалып аяқталған соң, барлық келген қонақтар екі әлеуметтік серіктестікті, яғни, «ЕвроХим-Каратау» ЖШС-і мен «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенін аралап, экскурсия барысында білімгерлердің өндірістік тәжірибедегі жұмыс барысымен танысты.

Қорытындылай келе, дуальдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.