Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Ноябрь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май   Дек »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Архив за месяц: Ноябрь 2017

Ұлттық сана: тарихи тәжірибе және рухани жаңғыру

Жаңатас көпсалалы колледжінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Руханият» тарихи өлкетану орталығының жетекшісі Ақнұр Қойлыбекованың  ұйымдастыруымен 30 қазан күні  «Ұлттық сана: тарихи тәжірибе және рухани жаңғыру» атты  ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция мақсаты: ХХІ ғасырдағы заманауи жаһан жаңалықтарын меңгерген бәсекеге қабілетті, рухани дүниесі бай, дамудың даңғыл жолындағы бағыт-бағдары айқын, ата-баба аманатына адал, Ел ертеңіне елеңдей отырып, елеулі үлес қоса білетін зиялы қауым ұстаздар пікірін ортаға салу;

«Ұлттық сана: тарихи тәжірибе және рухани жаңғыру» ғылыми — теориялық конференцияда 15 оқытушы Елбасы мақаласын баяндап, өз тұжырымдарын, пікірлерін ортаға салды. Сарапшылар қорытындылай келе, тұжырымды ойын, жан-жақты пікірін ортаға салған, мазмұнды баяндамашылар Гүлжамал Оразқұлова, Мөлдір Ерубаева, Нұрсила Тілеуқабылова мадақтамамен,  Мұратбек Жұматаевтар алғыс хатпен  марапатталды.