Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Декабрь 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек   Янв »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

Архив за месяц: Декабрь 2019

«Құқық бұзушылықтың алдын алу »

Желтоқсан айының 19 күні Жаңатас көпсалалы колледж студенттері және № 5 колледж студенттерімен бірлесе құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдермен еркін пікірлесу, пікірін тыңдау аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу » тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Сарысу АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Бекхожаев Қуаныш Серікбаевич, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Жайлау Бақдаулет Жангелдіұлы, Нұр Отан партиясының Сарысу аудандық филиалының консультанты Пірімбек Мадина Қайратқызы , Жастар ресурстық орталығы КММ-ның директорының орынбасары Тоқбанов Самат Қуандықұлы, Сарысу АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы полиция майоры Жарасбеков Алмаз Пернебекұлы , Жаңатас көпсалалы колледж директоры Н.Е.Туйтебаева және № 5 колледж директоры Стамбеков Мереке Шынасилович қатысты.
Алғы сөз кезегін колледж директоры Н.Е.Туйтебаева алып, барша қатысушы студенттер қауымына келген қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтары болса, қойып, қонымды жауап ала білуге шақырды. Сөз кезегінде Сарысу АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Бекхожаев Қуаныш Серікбаевич жасөспірімдер арасында белең орын алып отырған құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында баяндамасын оқып, бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заңды аттамай , тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді деген пікір айтып , ақыл-кеңесін беріп өтті. Ал Сарысу аудандық филиалының консультанты Пірімбек Мадина Қайратқызы өзінің өткір қайратты міңезіменен жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алуға мотивациялық талпыныс беріп , тәртіп бұзушылықтан сақтану жолдарын атап өтсе, Тоқбанов Самат Қуандықұлы өзінің өлең жырыменен жастарды тәртіпке, сабырлыққа, адалдыққа шақырды.
Кездесу барысында жасөспірімдердің тәртіп бұзушылыққа итеретін факторлары мен себептері талқыға салынды. Қатысушы студенттер қауымынан өз пікірлерімен бөліскен студенттер де аз болмады. Олар қазіргі жастардың келеңсіз жайттарға тап болып жатқан себептерінің бірі қоршаған орта, яғни соның бірінде ата-ананың балаға берер тәрбиесінің аздығынан деген ой-пікірлерін айтып, әрбір жас буын тұлғасын өз елінің жаңашыр азаматы болуға шақырды.
Сарысу АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы полиция майоры Жарасбеков Алмаз Пернебекұлы да студенттерге түнгі уақытта РЕЙД жұмыстарының үздіксіз жүргізіліп тұратындығын баса ескертіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырды.
Кездесу сонында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова студенттердің әлі де келеңсіз жағдайларға бой алдырмай, тек жақсы жағынан көрінетініне студенттерге талпыныс беріп, сенім білдірді.