Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Январь 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек   Фев »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Архив за месяц: Январь 2020

Жаңатас көпсалалы колледжінде А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ЦӘК оқытушылар арасында спартакиада өтті.

                         Ақын тойынан білім саласы да тыс қалмады!
       Жаңатас көпсалалы колледжінде А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ЦӘК оқытушылар арасында спартакиада өтті. Мақсаты: оқытушыларды салауатты өмір салтына насихаттау және жастарды спортқа баулу. Спартакиада спорттың волейбол, баскетбол, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ 5 түрінен өтті. Жарыс нәтижесінде «Гуманитарлық АӘД және дене тәрбиесі білім беру пәндер» оқытушылар бірлестігі І орын, ал «Арнайы техникалық және технологиялық білім беру», «Жаратылыстану, информатика және тау -кен білім беру пәндері » ЦӘК оқытушылар бірлестігі ІІ- ІІІ орынды иеленді.Жарыста колледж оқытушысы К.Шакирова белсенділік танытып, волейболдан үздік ойыншы атанды. Жарыс қызықты, әрі тартысты өтті.

«Снюсқа жол жоқ»

Жаңатас көпсалалы колледжінде 29.01.2020 ж. күні колледж психологы Г.Тлепбергенова, колледж медбикесі Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен «Снюсқа жол жоқ» тақырыбында 2 курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.
          Дөңгелек үстел аясында колледж медбикесі Н.Абдуллаева «Снюс » туралы баяндама оқыды. Баяндамада «Снюс» туралы мәлімет беріліп, синтетикалық текті психобелсенді заттардың жаңа нейротоксикалық бұзуларды тудыратын және сананың бұзылуына , дене және мінез-құлықтық тәуелділікке әкеп соқтыратын никотиннің жоғары құрамы бар шегуге арналмаған темекі және темекісіз деп аталатын «снюстер» қоспаларын тұтынуының зиянды екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
        Колледж психологы Г.Тлепбергенова студенттерден «СНЮСтан қорғану жолы қандай? » тақырыбында сауалнама алып, студенттердің пікірлерімен бөлісті.

«Тілдік интеграцияланған білім беру -CLIL көп тілді білім берудің тиімді әдісі «

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 21 күні Жаңатас көпсалалы колледжінде пән оқытушылары Ғ.Оспанова, Н.Раимова, М.Сауханованың ұйымдастыруымен «Тілдік интеграцияланған білім беру -CLIL көп тілді білім берудің тиімді әдісі » тақырыбында тренинг-семинар өткізілді.
Семинарда «CLIL» технологиясымен дәріс берудің әдіс-тәсілдері көрсетіліп, пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістерінің сабақта пайдаланудың тиімділігі айтылды.
Тренинг сабағында пән оқытушыларына » CLIL» технологиясында екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі түсіндірілді.Яғни оның бірі, екінші және үшінші тіл арқылы пәнді оқыту болса, екінші әдіс пән арқылы тілді оқыту. Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн-деген ұранменен оқытушылар белсенділік танытып, семинар-тренинг сабағын қызықты әрі тартысты өткізе білді.