Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Май 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

admin

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы конфенренцияны «ZOOM » платформасы арқылы өткізді.

     9.12.2020 ж күні Жаңатас көпсалалы колледжнің оқытушысы Ж.Жұмабекова, 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы конфенренцияны «ZOOM » платформасы арқылы өткізді.

Клуб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру. Студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады.

Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенім білдірудеміз.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!

Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Қамқоршылық кеңес құрамы мүшелерінің сайлауы өтеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Қамқоршылық кеңес құрамы мүшелерінің сайлауы өтеді. Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері , жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестердің өкілдері,комерциялық емес ұйымдардың өкілдері ,білім алушылардың ата –аналары немесе заңды өкілдері

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚРБжҒМ 27.06.2017ж.№355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсынысын күтеміз Ұсыныстар хабарлама шыққанан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады

Байланыс телефондары : қабылдау бөлімі 8 (72634)6-26-14

Колледж директоры : Туйтебаева Нурландия Ералиевна

Электрондық пошта: kolledzh@mail.ru

«Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді » тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді

Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт — берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойларына дамыта отырып , ерте жүктіліктен сақтану, салауатты өмір салтын ұстану жолдарын түсіндіру мақсатында «Ерке қыз» қыздар клубының қыздары арасында 30.11.2020ж күні «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді » тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді. Кездесу карантиндік жағдайға байланысты екі форматта өткізілді, бірі онлайн ZOOM платформасы және клуб студенттерін сақтық шараларын сақтай отырып шақырту аясында өткізілді. Кездесуге «Жастар денсаулық орталығының » психологы Ж.Абдикеева, СӨСҚ кабинетінің мейіргері А. Машенова , колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова, медбике Н.Абдуллаева және колледж психологы А.Есболаева қатысты. Ж.Абдикеева қыздармен «Менің ойым» атты тақырыпта тренинг өткізіп, қыздардың ой — пікірлерімен сұрақ беру арқылы жауаптарын ала білді. Жиналыста қыздардың жас ерекшеліктеріне, таным- түйсіктеріне сай ақыл-кеңес беріліп , түсіндірме жұмыстары жүргізілді.