Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Сентябрь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Без рубрики

«Арманы үлкен, азат ел!»

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының тапсырмасына сәйкес,Жаңатас көпсалалы колледжінде үстіміздегі жылдың 7 -15 желтоқсаны аралығында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күнініе орай ұйымдастырылған «Арманы үлкен, азат ел!» тақырыбында облыс колледждері арасында өткізілген онлайн конференция өз мәресіне жетті

Конференцияға облысымыздың 13 колледжінен 24 студент өтінім беріп қатыстырылды. Жеңімпаздар «Бас жүлде»,1,2,3 орындармен ,номинациялармен және қатысқаны үшін алғыс хаттармен мараппатталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы конфенренцияны «ZOOM » платформасы арқылы өткізді.

     9.12.2020 ж күні Жаңатас көпсалалы колледжнің оқытушысы Ж.Жұмабекова, 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы конфенренцияны «ZOOM » платформасы арқылы өткізді.

Клуб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру. Студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады.

Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенім білдірудеміз.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!

«Саналы ұрпақ» және «Алғырлар»

Жаңатас көпсалалы колледжінде дін саласындағы ақпараттық ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс –шаралар жоспары аясында «Sanaly urpaq» студенттік клубының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» және «Алғырлар» дебат командаларының арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризм зардаптары» атты пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс резолюциясы бойынша:
1. «Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жандануда ма ?»
2.«Дін және жастар» тақырыптары қарастырылып пікірлер ортаға салынды.
Дебат турниріне төрешілік еткен Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының Сарысу ауданы бойынша инспекторы Мырзағараев Мақсат Маратұлы, арнайы пән оқытушысы Қаспақов Қайрат Шархиябекұлы, арнайы пән оқытушысы Бексейтова Ақмарал Мырзабекқызы.
Мақсат Маратұлы «Дін» сөзінің мағынасын аша келе әлемдік проблемаға айналған діни экстремизм мен терроризмнің зардаптарына тоқталып, студенттермен дін туралы сұхбаттасты . Сондайақ пікірсайыс барысында жиі пайдаланылған терминдерге түсінік беріп өтті. «Экстремизм» — бұл қоғамдық нормаларға түбегейлі қайшы, шектен шығатын, саясатты, дінді бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан саясаттың тұрақсыздығынан, экономикалық салдардан туындайтын идеологиялық құбылыс екенін айтып , студенттерді ел бірлігі мен ынтымағына өз үлесін қоса білетін зайырлы қоғамның беделді азаматы болуға шақырды. Пікірсайыс соңында өз позициясын үздік қорғай білген фракцияларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова мақтау грамоталарын табыстады.