Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Сентябрь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Жаңалықтар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі келесі IT жобаларын әзірледі:

www.tilalemi.kz – ақпараттық – танымдық портал;

www.tilqural.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;

www.tilmedia.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;

www.balatili.kz – балалардың тіл меңгеруіне көмектесетін интернет ресурс;

www.sozdikqor.kz – сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауға көмектесетін қосымша ;

www.termincom.kz – қазақ терминдерінің электрондық қоры;

www.emle.kz – қазақ тілі орфаграфиясының  анықтамалығы;

www.qujat.kz – мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге арналған көмекші құрал;

www.qazlatyn.kz – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты әзірленген сайт;

www.atau.kz – ономастикалық атауларға арналған сайт;

«Саналы ұрпақ» және «Алғырлар»

Жаңатас көпсалалы колледжінде дін саласындағы ақпараттық ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс –шаралар жоспары аясында «Sanaly urpaq» студенттік клубының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» және «Алғырлар» дебат командаларының арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризм зардаптары» атты пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс резолюциясы бойынша:
1. «Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жандануда ма ?»
2.«Дін және жастар» тақырыптары қарастырылып пікірлер ортаға салынды.
Дебат турниріне төрешілік еткен Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының Сарысу ауданы бойынша инспекторы Мырзағараев Мақсат Маратұлы, арнайы пән оқытушысы Қаспақов Қайрат Шархиябекұлы, арнайы пән оқытушысы Бексейтова Ақмарал Мырзабекқызы.
Мақсат Маратұлы «Дін» сөзінің мағынасын аша келе әлемдік проблемаға айналған діни экстремизм мен терроризмнің зардаптарына тоқталып, студенттермен дін туралы сұхбаттасты . Сондайақ пікірсайыс барысында жиі пайдаланылған терминдерге түсінік беріп өтті. «Экстремизм» — бұл қоғамдық нормаларға түбегейлі қайшы, шектен шығатын, саясатты, дінді бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан саясаттың тұрақсыздығынан, экономикалық салдардан туындайтын идеологиялық құбылыс екенін айтып , студенттерді ел бірлігі мен ынтымағына өз үлесін қоса білетін зайырлы қоғамның беделді азаматы болуға шақырды. Пікірсайыс соңында өз позициясын үздік қорғай білген фракцияларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова мақтау грамоталарын табыстады.

«WorldSkills» чемпионаты өтті.

Ағымдағы жылдың қантар айында Жаңатас көпсалалы колледжінде «WorldSkills» чемпионаты өтті.Чемпионат колледжішілік мамандықтар бойынша жұмысшы құзіреттілігін көтеру мақсатында «Вебдизаин», «Электромонтаждық құзіреттілік», «Кенді байыту», «Пісіру жұмыстары» мамандықтары бойынша студенттер арасында жарыс өткізілді.Жарысты ұйымдастырушы директордың оқу-өндірістік ісінің орынбасары Д.М.Саримбетова мен арнайы пән оқытушысы А.Бексейтова қатысушы студенттерге және сарапшылар мен жетекшілерге жарыстың бағыт-бағдарын айта кетті.