Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Сентябрь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Жаңалықтар

«Арманы үлкен, азат ел!»

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының тапсырмасына сәйкес,Жаңатас көпсалалы колледжінде үстіміздегі жылдың 7 -15 желтоқсаны аралығында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күнініе орай ұйымдастырылған «Арманы үлкен, азат ел!» тақырыбында облыс колледждері арасында өткізілген онлайн конференция өз мәресіне жетті

Конференцияға облысымыздың 13 колледжінен 24 студент өтінім беріп қатыстырылды. Жеңімпаздар «Бас жүлде»,1,2,3 орындармен ,номинациялармен және қатысқаны үшін алғыс хаттармен мараппатталды.

«Тәуелсіздік — адамзаттың бақыты»

10.12.2020 ж күні Жаңатас көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі         Ж.Жұмабекова 01-20 тобының студенттерімен «Тәуелсіздік — адамзаттың бақыты» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағұлматтар берілді. Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзіне айналды. Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

Студенттердің ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру жолында түрлі мағұлматтар айтылып, студенттер өз ойларын ортаға салды.

«Үздік тәлімгер-2020»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен әлеуметтік серіктестіктер мен колледждердің бірлескен «Үздік тәлімгер-2020» облыстық байқауында, әлеуметтік серіктестігіміз «КазФосфат» ЖШС «Қаратау» ТКӨК-нің ТПБАЖ инженері Тусипов Мукагали Дуйсенбаевич пен Жаңатас көпсалалы колледжінің дуалдық жүйе бойынша оқытылатын «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Оңғарова Арайлым ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Колледж директоры Н.Е.Туйтебаева, Тусипов Мукагали Дуйсенбаевичті жеңісімен құттықтап, әлеуметтік әріптестіктің арқасында дарынды, білікті шәкірттеріміздің көп болуына тілек білдірді.