Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Сентябрь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Сыйақысыз сессия

Біздің колледжде білімгерлер арасында жемқорлықтың жолын кесу мақсатында «Сыйақысыз сессия» бір айлық акциясы өтілді. Акция барысында әрбір оқу тобы ұранды сөздерін дайындап, қабырға газеттерін жасады. Акцияның мақсаты — білімгерлер білімді өз күшімен еш кедергісіз алу.

[metaslider id=153]

«Мен және менің ортам»

2016-2017 оқу жылында мұғалімдерге арналған «Мен және менің ортам» тақырыбында 13 қаңтар күні психологиялық тренинг жүргізілді.

Мақсаты: Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу.

Әдіс: Жоспар жасалынды.

  1. «Менің жаңа есімім…»
  2. «Автопортрет »жаттығуы
  3. «Құнды қасиеттерді жинау»
  4. «Бүгін менің топта көргенім………»
  5. «Көрші »жаттығуы
  6. Психогеометриялық тест
  7. Сергіту сәті (бейнеролик)
  8. «Оның есесіне мен…» жаттығуы
  9. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

10.  «Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест.

11.  Видео (психологиялық кеңес)

12.   «Қоштасу »жаттығуы

Жүргізілуі : сергіту ойын,тренинг

Нәтижесі: Тренинг барысында мұғалімдерге адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәні түсіндіріліп,өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу,түзетуге көмектесуге, ұжымның ұйымшыл болуына,белсенді жұмыс жасауға түрткі,ниетті қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша мұғалімдер тренинг барысы бойынша өз есімдерін таңдап,бейджикке жазып отырды. Бір-бірлеріне жағымды,  қасиеттерін жүрекшеге жазып,тіліектерін білдірді. Психогеометриялық тест арқылы таңдаған фигуралар арқылы әрбір мұғалім өзіне лайықты мінездеме алып,бейнеролик арқылы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әрқашан күн сөңбесін жаттығуы барысында берілген тапсырмалар бойынша шапшандық таңытып,логикалық ойлау қабілеттерімен мақал-мәтелдер сайысында жақсы көрсеткіш көрсетіп, «Теңізге саяхат»релаксациялық сергіту жаттығуына еңді. Сонымен қатар, психологиялық кеңес жұмыстары жүргізіліп,тренинг сонында «Қоштасу»жаттығуымен, бір-бірлеріне жағымды ,әсерлі тілектерін таза парақшалардан жасалған ұшаққа жазып,ұшырды.Тренингке қатысқан барлық мұғалімдер белсенділік таңытып, шын ниетпен жағымды эмоция қалыптастыра білді. Психологиялық тренинг қызықты әрі тартысты өтті.

Ұсынылды: Колледж ұжымының беріктігі мен ұйымшылдығын нығайту.