Ағымдағы уақыт:

Күнтізбе

Май 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелерімен ұйымдастырылған «Кемелді келешекке бастар жол» атты патриоттық әндер челленджі…

Жаңатас көпсалалы колледж

Жаңатас көпсалалы колледжінде 19.10.-29.10.20ж күндер аралығында жоспарға сәйкес «Арнайы технологиялық білім беру пәндері » ЦӘК-ң онкүндігі аясында, арнайы пән оқытушылары Ж.Әбілдаева мен А.Султангазинаның ұйымдастыруымен «Қойнауы толы фосфорға, менің өлкем ең көркем» атты 2 курс студенттері арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 04-18 тобының студенті Әбір Ақбаян бас жүлде, 03-18 тобының студенті Наймантайқызы Аяулым 1 орын, Толеубаева Махаббат 2 орын, Сәкенұлы Жұбаныш 3 орынды иеленіп дипломдармен марапатталды.Байқауға қатысқан барлық студенттерге алғыс хат тапсырылды. Он күндікте өткізілген іс — шара барысында студенттерге экологиялық және патриоттық тәрбие берілді.

30.10.2020 ж Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбындағы жастар акциясы аясында колледж студенттері арасында сурет байқауы болып өтті. Байқауға топ студенттері белсене қатысып, өздерінің шығармашылықтарымен бөлісті. Ұйымдастырушылар колледждің арнайы пән оқытушылары Г.Оразкулова мен А.Мамбетова ,колледж студенттеріне алғысын білдіріп , суретті жақсы салған топтарды марапаттады.